Суық қыс кетіп, қар еріп, көктем шыққаннан бастап автомобиль жүргізушілеріне қуанышты күндер туындайды. Себебі қыстағы боран, мұз т.б автомобильдің жүруіне кедергі келтіретін себептер азая бастайды. Алдағы жұмыстардың бірі ол қысқы доңғалақты жазғыға ауыстыру. Оны көп адам ауыстырғанымен қысқы доңғалақты сақтауды естен шығарады немесе талапқа сай емес жерлерде сақтайды сондықтан доңғалақтың қызмет ету мерзімі төмендейді, доңғалақты сақтаудың өзіндік талаптары бар егер осы талаптарды орындасаңыз доңғалақ кем дегенде 3 жыл қызмет етеді: